ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды 

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 24 маусымдағы №304 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;

2. «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;

3. «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;

4. «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;

2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;

3. контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;

4. «Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;

3. «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;

 4. «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.

Іс-шарада Jibek Joly телеарнасының тележүргізушісі Айгүл Мүкей, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Байдалы және Almaty Aqparat медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы сөз сөйледі.

Президент БАҚ өкілдерімен бірге суретке түсті.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.