Демалыс үйлерін жалға беру кезіндегі алаяқтық жасалып жатыр – ІІМ ескерту жасады 

Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты Қазақстанда демалыс үйлері мен коттедждерді жалға алу кезінде жасалатын алаяқтық деректері көбейген. Азаматтарды алдаудың жаңа тәсілі туралы Ішкі істер министрлігі ескерту жасады.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарына қала сыртындағы үйлер мен коттедждерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырады. Сенімге кіру үшін олар нақты демалыс орындарының фотосуреттерін пайдаланып, шынайы мекенжайларды көрсетеді.

Әлеуетті жалға алушы хабарласқаннан кейін, алаяқтар бронь қою үшін толық немесе ішінара алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақшаны алған соң, олар үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, техникалық ақау шыққанын немесе басқа да кедергілер туындағанын айтып, қоныстанудың мүмкін еместігін хабарлайды. Кейін байланысқа шықпай, аккаунттары мен телефон нөмірлерін бұғаттап тастайды.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарға тұрғын үйді өз көзімен көрмей немесе оның иесінің сенімділігіне көз жеткізбей тұрып, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді. Демалыс орындарын брондау кезінде тек сенімді әрі ресми сервистерді пайдаланған жөн.

Сондай-ақ мамандар фотосуреттердің түпнұсқалығын кері іздеу сервистері арқылы тексеруге, көрсетілген мекенжайды онлайн-карталармен салыстыруға кеңес береді. Нарықтағы бағадан тым арзан ұсыныстар мен жалға берушімен байланысудың балама тәсілдерінің болмауы да күмән тудыруы тиіс.

Полиция қазақстандықтарды қырағылық танытып, демалысқа арналған тұрғын үйді жалға алу алдында барлық ақпаратты мұқият тексеруге және алдын ала төлем жасамас бұрын сақ болуға шақырды.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі