Тыйым салынған жерде суға түскендерге 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады 

Қазақстанда рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен азаматтарға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 30 мың теңгеден асады. Бұл туралы Апаттар медицинасы орталығы филиалы басшысының орынбасары Ерлан Жұмақанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маманның сөзінше, суға кетудің бірнеше түрі бар. Ең жиі кездесетіні – шынайы суға кету. Мұндай жағдайда адам біраз уақыт өмірі үшін арпалысып, ақырында су жұтып қояды.

Ал асфиксиялық суға кету кезінде адамның көмейі түйіліп, ауа жетпей тұншығу басталады. Суық суға түскен кезде жүрек пен тыныс алу кенет тоқтап қалатын жағдайлар да кездеседі.

Сондай-ақ аралас түрі болады. Мысалы, адам суда есінен танып қалып, кейін есін жиғанымен, абдырап, өзін құтқара алмай суға кетуі мүмкін.

Дәрігердің айтуынша, суға кеткен адамды анықтайтын негізгі белгілер – ес-түсінің болмауы, сұрақтарға жауап бермеуі, тыныс алмауы және тамыр соғысының сезілмеуі.

Мұндай жағдайда адамның тынысын, тамыр соғысын және көз қарашығының реакциясын тексеру керек. Егер бұл белгілер байқалмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастау қажет, – деді Ерлан Жұмақанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Өйткені рұқсат етілмеген жерде суға түсу айыппұлмен қатар, қайғылы жағдайларға да себеп болуы мүмкін.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.