Жер бетінде бір ай бойы күшті магниттік дауылдар болуы мүмкін 

Жақын күндері Күндегі белсенділіктің ұзаққа созылатын қарқынды кезеңі басталып, айдың соңына дейін жалғасады.

Gazeta.ru басылымының сарапшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, бөлінген күн энергиясы Жерге бағытталып, магнит өрісінде айтарлықтай ауытқулар туғызады. Соның салдарынан геомагниттік дауылдар күшейеді.

Алда тұрған дауыл қысқа мерзімді болмайды. Оның ұзаққа созылуы геомагниттік жағдайдың өзгерісіне сезімтал адамдардың денсаулығына елеулі әсер етуі мүмкін.

Магнитосферадағы алғашқы әлсіз ауытқулар бүгін кешке байқала бастайды. Екі тәуліктен кейін белсенділік ең жоғары деңгейіне жетіп, айдың соңына дейін сақталады деп күтіледі.

Ауа райының өзгерісіне сезімтал адамдар әлсіздік, күш-қуаттың күрт төмендеуі және мигрень ұстамаларын сезінуі мүмкін.

Осы кезеңде көлік жүргізушілеріне барынша сақ болып, рөлде сабыр сақтауға кеңес беріледі.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...