«Қосымша табыс табатын аналар жәрдемақыдан айырыла ма?»: Еңбек министрлігі жауап берді 

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті. 

Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді, — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі. 

Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді жұмысқа шығуына байланысты тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен паблик әкімшілері ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарап, азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуы қажет. Азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінген жөн, — дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері. 

Алматыда LRT құрылысы басталды 

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.

От гранта до влияния

БОЛЕЕ 12 МЛРД ТЕНГЕ ИНОСТРАННОГО ФИНАНСИРОВАНИЯ ПОСТУПИЛО В КАЗАХСТАН...

1 шілдеден бастап Қазақстанды не күтіп тұр?

1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттігі тоқтайды.

Алматыдағы жол апаты: Қаза тапқан қыздың әкесі мәлімдеме жасады 

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан қыздың әкесі күтпеген мәлімдеме жасап, соттан өзін жәбірленуші ретінде тануды сұрады.

Зейнетке шығу шарттарын қайта қарау ұсынылып отыр

Қазақстанда зейнетке шығу шарттарын қайта қарау ұсынылып отыр. Ұсыныстардың бірі бойынша зейнетке шығу кезінде азаматтың жасымен қатар, 40 жылдық еңбек өтілі де ескерілуі мүмкін.