Заң мен тәртіп – мемлекеттіліктің берік іргетасы

Кез келген өркениетті қоғамның өміршеңдігі мен тұрақтылығы оның құқықтық жүйесінің мықтылығымен өлшенеді. Халқымызда «Заң бар жерде тәртіп бар, тәртіп бар жерде еркіндік бар» деген аталы сөз бар. Заң мен тәртіп — бұл жай ғана құрғақ ережелер жиынтығы емес, бұл қоғам мүшелерінің қауіпсіздігін, құқықтарын және теңдігін қамтамасыз ететін басты кепіл.

  1. Заң үстемдігі: Мемлекет пен қоғамның тірегі.                                 

Заң — мемлекеттің басты реттеуші құралы. Ол қоғамдық қатынастарды жүйелеп, әділдікті орнату үшін қызмет етеді. Заң үстемдігі орнаған қоғамда әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінеді.  Тура биде туған жоқ: Көне қазақ қоғамындағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» заң мен тәртіптің біздің қанымызда бар құндылық екенін көрсетеді. Әділдік пен заң алдындағы теңдік — ежелден келе жатқан мемлекеттік дәстүр.  Теңдік принципі: Заңның ең басты күші — оның баршаға бірдейлігеінде. Лауазымына, шығу тегіне немесе материалдық жағдайына қарамастан, кез келген адам заң алдында бірдей жауапты болуы тиіс.                                                    

2. Тәртіп — заңның іс жүзіндегі көрінісі.

Егер заң қағаз бетіндегі ереже болса, тәртіп — сол ереженің күнделікті өмірдегі орындалуы. Тәртіп жоқ жерде заңның құны көк тиын. Қоғамдағы тәртіпсіздік хаосқа, қылмыстың өсуіне және мемлекеттің әлсіреуіне алып келеді. «Сынған терезелер теориясы» (Broken Windows Theory): Егер ғимараттың бір сынған терезесі уақытында жөнделмесе, көп ұзамай ол жердегі өзге терезелер де шағылады. Яғни, кішігірім тәртіпсіздікке (қоқыс тастау, балағат сөз айту, вандализм) көз жұму — үлкен қылмыстардың белең алуына жол ашады. Сондықтан, «мүлдем төзбеушілік» (нулевая терпимость) қағидасы әрбір азаматтың бойында қалыптасуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, жол жүру ережесін бұзбау сияқты қарапайым әдеттерден үлкен құқықтық мәдениет басталады.                                                  

3. Құрақтық мәдениет және сана  

Заң мен тәртіпті тек жазалау тетіктерімен (полиция, сот, айыппұл) ғана орнату мүмкін емес. Ең бастысы — адамдардың ішкі құқықтық санасы. Азаматтар заңды қорыққаннан емес, оның маңыздылығын түсінгендіктен сақтағанда ғана қоғам өркениеттің жаңа деңгейіне көтеріледі.                                                            

Көрсеткіш Төмен құқықтық мәдениет Жоғары құқықтық мәдениет Уәж (Мотивация) Жазадан немесе айыппұлдан қорқу. Заңды саналы түрде, қоғам игілігі үшін құрметтеу. Әрекет Полиция жоқ жерде ереже бұзуға бейімділік. Кез келген жағдайда тәртіпті сақтау, өзгелерді сыйлау. Жауапкершілік Тәртіпсіздікке бейжай қарау («маған қатысы жоқ»). Заңсыздыққа қарсы тұру, азаматтық белсенділік.                                                                                               .

4.Жаңа дәуірдегі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы                 

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының біріне айналды. Бұл тек қылмыспен күрес емес, сонымен қатар келесі маңызды бағыттарды қамтиды:  Сыбайлас жемқорлықты жою: Мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз ету.  Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: Әйелдер мен балалардың құқықтарын заң деңгейінде қатаң қорғау.  Киберқылмыс пен лудоманиямен күрес: Замануи қауіптердің алдын алу және жастарды зиянды әдеттерден қорғау. Қазіргі кезде цифрлық кеңістіктегі тәртіп те өзекті мәселе болып отыр. Ақпараттық қауіпсіздік , жеке деректерді қорғау, интернеттегі жауапкершілік мәдениеті –жаңа заманның құқықтық тәртібінің ажырамас бөлігі. Әрбір азамат әлеуметтік желілерде ,цифрлық платформаларда өз әрекеті үшін жауапты екенің түсінуі қажет. Бұл тек заңдық емес , моральдық жауапкершілік те.

 Қорытындылай келсе.                                                                                       

Заң мен тәртіп — бұл мемлекеттің қауіпсіздік қалқаны, тұрақтылықтың кепілі және болашақ ұрпақтың бақытты өмірінің негізі. Мемлекет қуатты, қоғам қауіпсіз болуы үшін әрбір азамат заң талаптарын бұлжытпай орындауды өзінен бастауы тиіс. . Әрбір азамат өзінен бастап заңды сыйлап, қауіпсіз әрі тұрақты болмақ. Заң мен тәртіп үстемдік еткен жерде әділет те, сенім де, өркендеу де қатар орнайды.

Ұлытау облысы Жезқазған Т.И.Алдабергенов қаласының тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина - тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен...

ҚазҰУ мен Журналистика академиясы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ...

Пересмотреть контроль за иностранным финансированием предложили в Казахстане

В Мажилисе озвучили предложение пересмотреть подходы к регулированию иностранного...

СЛУЖЕНИЕ ЗАКОНУ И ОБЩЕСТВУ

В преддверии Дня государственного служащего Республики Казахстан выражаем признательность...