Мемлекеттік тіл- сот төрелігінің айнасы

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, сот ісін жүргізудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Азаматтардың өз ана тілінде немесе мемлекеттік тілде сотқа жүгінуі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Сот   азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын маңызды  мемлекеттік институт. Сондықтан сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану халықтың сотқа деген сенімін арттырып, құқық қорғау қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Азаматтардың сот процесіне толыққанды қатысуы мен сот құжаттарының мазмұнын еркін түсінуі әділ сот төрелегінің басты кепілі болып саналады.

Бүгінде Жәнібек аудандық сотында қаралатын істердің басым бөлігі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бұл тұрғындардың қазақ тілінде сотқа жүгіну белсенділігінің артып келе жатқанын және мемлекетті тілдің сот ісін жүргізудігі рөлінің нығайғанын көрсетеді.

Бас маман- сот отырысының хатшысы  Жемис Махсотова

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...