Елімізде пара алу деректері ең жиі тіркелетін өңірлер белгілі болды 

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда 427 сыбайлас жемқорлық ісі тіркелді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Finprom-ға сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бұл жерде үш бап — «Пара алу», «Пара беру» және «Парақорлыққа делдал болу» бойынша қылмыстық істер туралы сөз болып отырғанын түсіндірді.

Мұндай қылмыстардың ең көп саны Астана қаласында тіркелді. Елордада қаңтар-мамыр айлары аралығында пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу фактілері бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды. 2025 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,7%-ға өскен, – деп нақтылады ведомстводан.

Антирейтингте екінші орынды Қостанай облысы иеленді. Онда мұндай істердің саны 3,5 есеге артып, 38-ге жетті. Сондай-ақ үздік үштікке 32 жағдай тіркелген Алматы қаласы енді (бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 14,3%-ға көп).

Комитет қызметкерлері ең төменгі көрсеткіштерді мына өңірлерде атап өтті:

  • Абай облысы – 1 іс;
  • Ақмола облысы – 2 іс;
  • Батыс Қазақстан облысы – 7 іс.

Сонымен қатар, елдегі сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі саналатын пара алу фактілерінің саны 11,9%-ға өсті. Бұдан бөлек, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға байланысты қылмыстар саны 20%-ға, ал билікті теріс пайдалану жағдайлары 40%-ға артқан.

Бұған дейін Мемлекет басшысы пара беруге уәде бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын заңға қол қойған болатын.

Сондай-ақ, енгізілген түзетулер жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ескіру мерзімін бір жылдан үш жылға дейін ұзартады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...