№79 мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында спартакиадалық жарыс өткізілуде

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында спартакиадалық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс барысында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынап, ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Спартакиадаға қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық рух пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.

Мұндай спорттық шаралар сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және оларды қоғамға бейімдеу жұмыстарына оң ықпал етеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталатын болады.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...