Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың маңызы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық реттеудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді уақтылы әрі заң талаптарына сәйкес қарау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңдылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Соттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында әрбір істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге ерекше назар аударады. Іс бойынша ұсынылған дәлелдемелер зерделеніп, тұлғаның кінәсі, құқық бұзушылықтың жасалу себептері мен жағдайлары анықталады. Бұл ретте азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы басты назарда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың негізгі мақсаты – құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңда белгіленген жауаптылыққа тарту ғана емес, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтарды заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан соттар әрбір істі қарау кезінде заңдылық, әділдік және теңдік қағидаттарын басшылыққа алады.

Қазіргі таңда жол қозғалысы қағидаларын бұзу, қоғамдық тәртіпке қол сұғу, мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындамау және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істер сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Мұндай істер бойынша қабылданған сот актілері құқықтық тәртіптің сақталуына және қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сапалы және уақтылы қарау азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, құқықтық мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ұмтылған жағдайда ғана қоғамда тұрақтылық пен құқықтық тәртіп нығая түседі.


А.Тілек, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...