Әділдіктің айнасы – сот жүйесінің кәсіби мерекесі

24 маусым – еліміздегі судьялар және сот қызметкерлері күні. Бұл – заң мен тәртіптің сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қызмет етіп жүрген мыңдаған мамандырдың еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.

Сот – мемлекеттің әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды институттарының бірі. Ал оның үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі тек судьялардың ғана емес, сот жүйесінде қызмет атқаратын әрбір маманның кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сот жүйесіндегі қызмет жоғары білім мен кәсіби біліктілікті ғана емес, адалдық, әділдік, сабырлылық пен адамгершілікті талап етеді. Бүгінде еліміздің сот жүйесі заман талабына сай жаңғырып, цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Сот төрелігінің қолжетімділігі артып, ашықтық пен жариялылық қағидаттары нығая түсуде. Осы өзгерістердің нәтижелі жүзеге асуына сот қызметкерлері де өздерінің кәсіби білімі мен тәжірибесін жұмсап келеді.

Сот жүйесіне деген халық сенімі – мемлекеттің құқықтық дамуының маңызды көрсеткіші. Еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін. Кәсіби мереке құтты болсын!

А.Исахаева, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Азаматтардың төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңмен...

Cыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет

         Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына,  мемлекеттік басқарудың...

Әдеп нормаларын сақтау

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің...

Зияткерлік меншікті қорғау: құқықтық мәдениет және азаматтардың жауапкершілігі

Қазіргі қоғамда білім, идеялар мен шығармашылық шешімдер экономиканың және...

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті...