Жануарларға қатыгездік жасағандарға жаза күшейтіледі 

Сенатта жануарлар дүниесі, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды.

Заң жобасын сенатор Арман Өтеғұлов таныстырды. Заң аясында жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жазаны қатаңдату көзделген. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 316-бабына өзгерістер енгізіліп, айыппұл көлемін, сондай-ақ бас бостандығын шектеу және айыру мерзімдерін ұлғайту ұсынылып отыр.

Бұл шара жануарларды қорғауды күшейтуге, зорлық-зомбылық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда гуманистік құндылықтарды нығайтуға бағытталған, – деді сенатор.

Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулер арқылы жануарларға жауапсыз қарағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Атап айтқанда, үй жануарларын вакцинациялау және стерильдеу талаптарын орындамағаны, жануарларды күтіп-бағу міндеттерінен бас тартқаны, сондай-ақ үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелерін бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіргені үшін айыппұлдар ұлғайтылмақ, — деді ол.

Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылықтар үшін де жоғары мөлшердегі айыппұлдар қарастырылған.

Заң жобасында аңшылық саласын реттеуге қатысты бірқатар жаңа нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, мемлекеттік табиғи қорықшаларда жабайы жануарларды қолдан өсіру тетіктері қарастырылып, аңшылық жүргізу талаптары күшейтіледі,- деп атап өтіт сенатор.

Бұдан бөлек, қорықшыларды даярлау талаптары күшейтіліп, аңшылар қауымдастықтарына оларды арнайы оқытуды ұйымдастыру міндеті жүктеледі.

Сондай-ақ, заң жобасында экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған нормалар да бар. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.