Елімізде колледж мұғалімдерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту аясында барлық колледжді кезең-кезеңімен цифрландыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелі мәселелерге назар аударды. Оның айтуынша, колледждерде білікті педагог кадрлардың кетуі, түлектердің білімі мен еңбек нарығы сұранысының сәйкес келмеуі, сондай-ақ ауылдық колледждердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі өзекті болып отыр.

Депутат 2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласына бөлінген 80 млрд теңгенің басым бөлігі шәкіртақы мен жалақы төлеуге жұмсалып жатқанын айтып, жүйені дамытуға бағытталған нақты жоспарлар туралы сұрады.

Жауап берген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған арнайы жол картасы қабылданды, – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Онда 556 мың студент білім алады. Оның ішінде 393 мың студент мемлекеттік грант негізінде оқып жатыр.

Министрдің мәліметінше, колледж студенттерінің 61 пайызы – 9-сыныптан кейін білім алып жатқан жастар. Сондай-ақ бүгінде еліміздің барлық өңірінде мыңға жуық бейінді сынып ашылған. Бұл сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы жұмысшы мамандықтарға ерте бейімделу даярлығынан өтіп жатыр.

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігі Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп колледждердегі жалпы білім беретін пән мұғалімдерінің еңбекақысын көтеру мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.