Қазақстанда мамыр айында баспана саудасы бәсеңдеді 

2026 жылғы мамыр айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелді. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз (сәуірде – 35 154 мәміле).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мәмілелер саны бойынша Астана (5 122 мәміле, 16,8%) және Алматы (4 925 мәміле, 16,2%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 630 мәміле, 8,6%) алдыңғы орындарда тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, 261 мәмілені құрады.

Көппәтерлі үйлер нарығында мамыр айында 23 381 мәміле жасалған, бұл жалпы көрсеткіштің 76,9%-ын құрайды. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеген. Ең көп мәміле Астана мен Алматы қалаларында тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер сегментінде 7 039 мәміле жасалып, сәуірмен салыстырғанда 10%-ға азайған. Бұл бағытта өсім тек Павлодар облысында (+15%) байқалды.

Жалпы алғанда, тұрғын үй нарығында айлық та, жылдық та төмендеу динамикасы сақталған.

Елімізде колледж мұғалімдерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі ауылдық колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартып, педагогтердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтап жатқанын мәлімдеді.

Бензин неге қымбаттап жатыр? Энергетика министрі түсіндірді 

Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы үрдістермен қатар ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа да байланысты.

Қазақстан экономикасы өсті: Орташа жалақы 442 мың теңгеге жетті 

Қазақстан экономикасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев баяндады.

Оқулықтардан 700-ден астам қате табылды: Балаева мектеп кітаптарын жаппай жаңарту жоспарын жариялады 

Кейбір оқулықтар 9 жыл бойы жаңартылмаған. Аида Балаева қандай қателер анықталғанын айтып, қай сыныптардың кітаптары өзгеретінін мәлімдеді.

Қазақстандағы ең қымбат қалалар аталды

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуді жалғастыруда. Баға бойынша Астана мен Алматы алда тұр, ал Атырау үштікті аяқтайды.