Қазақстан экономикасы өсті: Орташа жалақы 442 мың теңгеге жетті 

Қазақстан экономикасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтыр жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз болған. Ал биыл экономикалық өсім қарқыны үдей түскен.

2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5 пайызға өсті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайызды құраған еді, – деді Мәди Такиев.

Оның сөзінше, өсімге ең алдымен көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары ықпал еткен.

Сонымен қатар ел экономикасында инфляциялық қысым сақталған. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 12,3 пайызды құрады.

Қаржы министрінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жеткен.

Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақталып, 4,6 пайыз болған.

Мәди Такиев мемлекеттік борыштың да белгіленген шектерден аспағанын айтты.

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын немесе 36,4 триллион теңгені құрады, – деді министр.

Сондай-ақ Ұлттық қор активтері де өскен. 2025 жылдың соңында қордағы активтердің жалпы көлемі 73,8 млрд АҚШ долларына жеткен.

Оның ішінде валюталық активтер көлемі 63,9 млрд долларды құрады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.