Оқулықтардан 700-ден астам қате табылды: Балаева мектеп кітаптарын жаппай жаңарту жоспарын жариялады 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерді жаңарту мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам ескертпе мен қате анықталғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, соңғы күндері баспалар мен азаматтар тарапынан оқулықтарды жаңарту мәселесіне қатысты түсініктеме беру жөнінде көптеген өтініш түскен.

Бүгінде қолданыстағы оқулықтар бойынша әртүрлі сипаттағы 700-ден астам ескертпе мен қате анықталды. Олардың қатарында техникалық және стильдік кемшіліктер, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, жекелеген материалдардың оқу бағдарламаларымен үйлеспеуі, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалардың қолданылуы бар, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның сөзінше, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың қолданылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен есеп шығару жолдары, оқу бағдарламасында қарастырылмаған шығармалардың енгізілуі және тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдар ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.

Балаева бірқатар оқулықтың белгіленген жаңарту мерзімінен әлдеқайда ұзақ уақыт бойы қайта қаралмағанына назар аударды. Кейбір оқу басылымдары тоғыз жылға дейін елеулі өзгеріссіз қолданылып келген.

Мұндай жағдайда оқулықтарды уақытылы жаңарту – оқушыларды сапалы, өзекті әрі мемлекеттік білім беру стандарттарына сай оқу материалдарымен қамтамасыз етудің кезек күттірмейтін қажеттілігі, – деді ол.

Министр мектеп оқулықтарының сапасы жекелеген баспалардың ғана мәселесі емес екенін атап өтті.

Бұл елдегі білім сапасына, демек балаларымыздың келешегіне тікелей ықпал ететін маңызды мәселе. Оқулық сараптаманың формалды талаптарына ғана сай болып қоймай, мемлекеттің, қоғамның және білім беру жүйесінің бүгінгі сұранысына толық жауап беруі тиіс, – деді Балаева.

Ол бұрын мақұлданған оқулықтарға қатысты Пәндік сараптама комиссиясының шешімдерінің күші жойылмайтынын да түсіндірді.

Әңгіме түпкі нәтиже үшін ортақ жауапкершілік туралы болып отыр. Баланың қолына тиетін әрбір оқулық сапалы, мазмұны дәл, дерегі шынайы және уақыт талабына сай болуы керек, – деді министр.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартып, мектептерді жаңа басылымдармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жоспарға сәйкес:

  • 2026 жылғы 30 тамызға дейін – 3 және 7-сынып оқулықтары;
  • 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін – 4 және 9-сынып оқулықтары;
  • 2027 жылғы 1 сәуірге дейін – 8-сынып оқулықтары жаңартылады.

Министрліктің мәліметінше, басты мақсат – Қазақстандағы барлық мектептерді заманауи, мазмұны мұқият сараланған, өзекті білімге, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарына және мемлекеттік басымдықтарға негізделген сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету.

Ата-аналар да, ұстаздар қауымы да, жалпы қоғам да бізден осы жауапты жұмысты сапалы әрі жүйелі атқаруды күтеді, – деп түйіндеді Аида Балаева.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...