БЖЗҚ қаражатын алудың балама жолы қандай?

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі екі есеге жуық көтерілді. Бұл өзгеріс көптеген азаматтың БЖЗҚ-дағы қаражатын тұрғын үй немесе емделу мақсатында пайдалану мүмкіндігін шектеді. Алайда қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов жеткілікті шегін айналып өтудің заңды жолы бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының сөзінше, мұндай мүмкіндік сақтандыру аннуитеті арқылы жүзеге асады.

Көп адам білмейді, бірақ екі есеге жуық көтерілген зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегін айналып өтудің бір жолы бар. Ол – сақтандыру аннуитеті, — дейді Елемесов.

Оның түсіндіруінше, сақтандыру аннуитеті – классикалық зейнетақының өзі емес, бірақ болашақта тұрақты төлемдер алуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі.

Сарапшының айтуынша, азамат сақтандыру аннуитеті шартын жасасқан жағдайда жеткілікті шегінің талабы іс жүзінде қолданылмайды.

Егер сақтандыру аннуитетін рәсімдесеңіз, жеткілікті шегі мәселесі өзекті болмай қалады. Көпшілік азамат 45 жастан бастап мұндай шарт жасай алады және төлемдерді 55 жастан бастап ала бастайды, — дейді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Елемесов бұл құралдың белгілі бір кепілдіктері бар екенін де атап өтті.

Мұнда тәуекелдер аса жоғары емес. Себебі қайта сақтандыру жүйесі жұмыс істейді және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бар. Дегенмен толық мұрагерлік қарастырылмаған. Тек кепілдендірілген төлем кезеңі ғана көзделеді, — деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен қатар ол аннуитетті «тегін ақша» ретінде қабылдамауға шақырды.

Бұл жерде сақтандыру компаниясы барлық тәуекел мен төлемдерді алдын ала есептейді. Сондықтан аннуитет – ұзақ өмір сүруді жоспарлайтын немесе зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қазір пайдаланғысы келетін азаматтар үшін қызықты құрал болуы мүмкін, — дейді қаржы сарапшысы.

Алайда бұл мүмкіндік барлық азаматқа бірдей қолжетімді емес. Себебі сақтандыру аннуитетін рәсімдеу үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жинақ көлемі болуы қажет.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.