39 градусқа дейін аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады 

«Қазгидромет» синоптиктері бүгінге, 9 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті.

Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы, Жетісу, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Ақмола облыстарында шаңды дауыл болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа да бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шыққанда болжамды ескеруге және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға кеңес береді.

Ең жоғары температура:

  • Алматы облысы – +39°C;
  • Жетісу облысы – +38°C;
  • Павлодар облысы – +38°C;
  • Абай облысы – +37°C;
  • Қарағанды облысы – +35°C.

Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде ашық от жағудан, құрғақ шөп пен қоқыс өртеуден бас тартуға шақырады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...