Сот – мемлекеттегі заңдылық пен қауіпсіздіктің тірегі. Азаматтардың мемлекеттегі әділдікке, тура төрелікке деген сенімі осы сот алаңындағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына, судьялардың кәсіби біліктілігіне, сот актілерінің сапасына қарап қалыптасады.
Кассациялық соттар – ең алдымен ел азаматтарының қалауы.
Мемлекет басшысы 1 шілде 2025 жылдан бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар құруды көздейтін «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды, жаңа кассациялық сот өз жұмысын бастады.
Кассациялық сот сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.
Кассациялық тәртіпте, заңды күшіне енген сот актілерін қарау, алдын ала қарауды өткізбеу, істі мәні бойынша ақылға қонымды 6 айға жуық мерзімде қарау, кассациялық тәртіпте 6 құрамды сот болып қарау көзделген.
Кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық сатыдағы сот шешімдердегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады.Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.Оның шешімдері қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді.
Тәуелсіз кассациялық соттарды құру – Қазақстанның сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатары сөзсіз. Бұл реформа сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сот жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді, заңның үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады
Судьялар Одағының мүшесі аудандық соттың бас маманы Б.Исағабылов


