Дербісектегі даудың дабыры Алматыға жетті

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы ұңғымаға қатысты дау аймақ шеңберінен шығып, республикаға жетті. Бұл даулы ұңғыма 2001 жылдан бері «Рауан» ЖШС-нің атында. Ал қазір осы ұңғыманы мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сәйкесінше ұңғымадағы емдік суды пайдалануға да шектеу қойылып, кәсіпкер лицензиясын да создыра алмай отыр.

Мұндай шектеу «Рауан» ЖШС-нің жұмысына үлкен кедергі келтіріп тұрғаны рас. Әрі кәсібі шатқаяқтап, әрі өзіне сенім артып отырған екі жүзге тарта жұмысшының тағдырына алаңдаған компания өкілдерінің баспасөз конференциясын өткізуі де сондықтан.

Баспасөз конференциясына журналистер қауымы көп жиналды. Тіпті компания өкілдерінің жиын өткізгелі жатқанын естіген ауыл тұрғындары да конференцияға бір автобус болып арнайы келіпті. Бұл енді ауылдың ұйымшылдығы ма, әлде «Рауан» ЖШС-на халықтың әбден көңілі қалғанының белгісі ме, жоқ әлде әкімдіктің арнайы ұйымдастырған әрекеті ме, ол жағын пайымдау қиын.

Ауыл тұрғындары «Жер – халықтыкі», «Су – біздікі», «Кәсіпкер суды қажетінше пайдаланды, енді қызығын біз көруіміз керек» деп айғайлап жатты. Дұрыс та шығар. Оның үстіне, Конституцияда жер халықтыкі екені тайға таңба басқандай жазылған.

Тек бір сұрақ бар. Сонда «Рауан» ЖШС-дағы кәсіпкер кім? Осы жерде жұмыс істеп, табыс тауып отырған 200 тұрғын халық емес пе? Жалпы Сарыағаштан арнайы келген азаматтар ел игілігін пайдаланып өздеріне де кәсіп ашуға болатынын, мемлекет оған оң жағдай жасап отырғанын түсінбей ме деймін. Өйткені, «Рауан» ЖШС ұңғыманы әбден тозып, қажетсіз боп тұрған кезде сатып алған. 25 жыл осы ұңғыманы жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, ізденіс пен талаптың нәтижесінде 100-ден аса өнім түрін шығарумен айналысқан. Кәсіпкер «Дербісек» атын шетелдерге танытып, бренд ретінде танытып жүр. Ал осылай аяғынан енді тік тұрған кәсіпті ауыз су мәселесін шешеміз деген негізбен мемлекет меншігіне қайтару қаншалықты дұрыс? Бұл жеке кәсібін бастағалы отырған азаматтардың үмітін өшіретін әрекет емес пе? Сосын емдік суды ауыз су ретінде пайдалану да негізсіз емес пе?

         Баспасөз конференциясында өз үнін жеткізуге тырысқан кәсіпкерлер сөзінен осыны ұқтық. Енді Сарыағаш ауданының әкімдігі не дер екен? Президент саясатын құптайтын әкім кәсіптің өркендеуіне кедергі келтірмей, керісінше ауылға қатысты мәселелерді кәсіпкермен біріге шешуге тырысса қанеки.

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...