Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды іс-шараға қатысты

Қонаев қаласының Орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай кең ауқымды салтанатты іс-шара өтті.

Аталған мерекелік жиынға Алматы облысының әкімі, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары, күштік құрылымдардың өкілдері, әскери қызметшілер, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс-шараға Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен жеке құрамы да белсене қатысты.

Мерекелік рәсім Мемлекеттік Туды көтеру салтанатымен басталып, Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен жалғасты. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздіктің негізгі нышандары ретіндегі мәні кеңінен насихатталды.

ҚАЖ қызметкерлері салтанатты жиын барысында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, елдік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараға қатысу арқылы қызметтік жауапкершілік пен патриоттық ұстанымын айқын көрсетті.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен тұтастығын білдіретін қасиетті нышандар.

Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы

2026 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот...

Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық...

Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің...