Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құрметті достар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы атап өткендей, Елтаңба, Ту және Әнұран – мемлекеттігіміздің айқын белгісі, Қазақстанның егемен ел екенін бүкіл әлемге танытатын қасиетті құндылықтар. Президент көк байрағымызды қастерлеп, оны мақтанышпен желбірету және келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қасиетті борышымыз екенін ерекше атап өткен болатын.

Бұл сөздер мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандық үшін қаншалықты терең мәнге ие екенін көрсетеді. Рәміздер – жай ғана ресми атрибуттар емес. Оларда халқымыздың Тәуелсіздігі, жүріп өткен тарихи жолы, рухани құндылықтары, ел бірлігі мен Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімі көрініс тапқан. Туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрметтеу – еліміздің тарихына, бүгінгі болмысына және келешегіне құрметпен қарау деген сөз.

Мемлекеттік рәміздердің мәні жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында айрықша арта түсті. Ата заң әділетті мемлекет, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарын нығайтты. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік рәміздер – конституциялық құндылықтар мен халқымыздың тұтастығын айшықтайтын айқын белгі.

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен әрі жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың парызы екенін ұмытпауымыз керек. Оларды пайдалану заң талаптарына, азаматтық мәдениетке және қоғамдық жауапкершілік қағидаттарына сай болуы тиіс. Мемлекеттік рәміздерге салғырт қарауға, қорлауға немесе заңға қайшы әрекет жасауға жол берілмейді. Өйткені олар – Тәуелсіздігіміздің қастерлі нышандары.

Осы күндері еліміздің барлық өңірінде мемлекеттіліктің басты атрибуттарына деген құрметті арттыруға, азаматтардың патриоттық санасын нығайтуға және ұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған төрт мыңнан астам іс-шара өткізіліп жатыр.

Қымбатты достар!
Көк Туымыз, айбынды Елтаңбамыз және асқақ Әнұранымыз әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде мақтаныш, абырой және ел болашағына деген жауапкершілік сезімін оята берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, татулық пен бақ-береке тілеймін!
Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева

Фото: aqtobegazeti.kz

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.