Елімізде БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енуіне бір күн қалды. Болашақ төлемдерді қамтамасыз ету үшін зейнетақы шотында қалуы тиіс соманы анықтау тәртібі 5 маусымнан бастап өзгереді. 

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін өзгерту туралы қаулыға қол қойған болатын. Бұл жерде сөз болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотта қалуы тиіс сома туралы болып отыр.

Қазақстандықтар шектен асқан қаражатты, мысалы, тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге жұмсай алады.

Жаңа әдістеме бойынша есептеу барысында адамның жасы, өмір сүру ұзақтығының болжамы, ең төменгі зейнетақы мөлшері, болашақ жарналар, инвестициялық кірістілік және басқа да параметрлер ескерілетін болады.

Қаражатты алуға өтінімді әлі де беруге болады

Жаңа шекті деңгейлер 5 маусымнан бастап күшіне енеді. Оған дейін қазіргі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар қазақстандықтар зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалануға өтінім беріп үлгере алады.

Өтінімді enpf-otbasy.kz платформасында беруге болады.

Отбасы банкінің хабарлауынша, өтінімнің қазіргі шарттар бойынша қарастырылуы үшін оны кешіктірмей 4 маусым күнін қоса алғанда беріп, қол қойып, жөнелту ұсынылады. Осы күннен кейін жіберілген өтінімдер жаңа талаптар ескеріле отырып қаралады.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жинақтарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі сақталатынын мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге, Еңбекминінің басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті — азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қамтамасыз ету үшін қаражат жинақтау екенін атап өтті.

Зейнетақының артық бөлігін қайда жұмсауға болады?

Заңнама БЖЗҚ қаражатын мақсатты түрде пайдалануды қатаң шектейді. Ақшаны жеке қажеттіліктерге қолма-қол ақша ретінде алуға болмайды, бірақ оны келесі мақсаттарға бағыттауға болады:

  • Тұрғын үй жағдайын жақсарту: пәтер сатып алу (жаңа салынған үйлерден де, екінші деңгейлі тұрғын үйлерден де), жеке үйді сатып алу немесе жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімін алу.
  • Ипотекалық операциялар: ақшаны бастапқы жарна ретінде пайдалану, сондай-ақ кез келген банктегі қолданыстағы қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу.
  • Жалдау: құрылыс салушыдан немесе қордан кейіннен сатып алу құқығымен жылжымайтын мүлікті жалдау ақысын төлеу.
  • Отбасы банкіндегі депозиттер: артық соманы ары қарай жинақтау үшін арнайы салымға аудару.
  • Емделу: МӘМС шеңберінде қамтылмайтын қымбат тұратын медициналық қызметтер мен емделу ақысын төлеу.
  • Жеке басқаруға беру: қорлар арқылы қор нарығында дербес инвестициялау үшін артық қаражатты инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудару.

Жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?

5 маусымнан бастап ең төменгі жеткіліктілік шегі жаңа формула бойынша есептеледі. Оған бірден бірнеше көрсеткіш енгізілді: адамның жасы, өмір сүру ұзақтығының болжамы, ең төменгі зейнетақы мөлшері, болашақ зейнетақы төлемдері, зейнетақы активтерінің болжамды кірістілігі және болашақ жарналардың көлемі.

Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет адамға зейнетке шыққаннан кейін қанша ақша қажет болатынын және қазірдің өзінде оның шотында қандай сома қалуы тиіс екенін есептейді.

Есептеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • адамның жасы;
  • зейнетке шыққанға дейінгі жылдар саны;
  • зейнетақы алудың болжамды мерзімі;
  • ең төменгі мемлекеттік зейнетақы;
  • болашақ зейнетақы жарналары;
  • зейнетақы жинақтарының инвестициялық кірісі;
  • төлемдер мен басқа да көрсеткіштердің жыл сайынғы өсімі.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң, яғни 5 маусымда қолданысқа енгізіледі.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.