
Биыл екі айтулы мерейтой қатар аталып өтуде: Қарағанды облыстық сотының құрылғанына 90 жыл және сот жүйесінің ардагері Нина Васильевна Батукованың 90 жасқа толуы.
Нина Васильевна еңбек жолын 1959 жылы Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінде заңгер болып бастаған. Кейін қала прокуратурасында тағылымдамадан өтушіден прокурор көмекшісіне дейінгі қызмет жолынан өтті. 1972 жылдан бастап жиырма жылдан астам уақыт Теміртау қалалық және Гагарин аудандық халық соттарында халық судьясы болып қызмет атқарып, әділ сот төрелігін жүзеге асырды.
Жоғары кәсібилігі, қағидатшылдығы, әділдігі және заңға адалдығы Нина Васильевнаға әріптестері мен азаматтарының зор құрметіне ие болуына себеп болды. Оның көпжылдық еңбегі Қарағанды облысының сот жүйесінің дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.
Нина Васильевна туралы Қарағанды облыстық сотының отставкадағы судьясы, сот жүйесінің ардагері Светлана Андреевна Миночкина ерекше құрметпен:Нина Васильевна Батукова – жауапкершілігі жоғары, абырой-беделі зор тұлға. Оның өмір жолы мен кәсіби қызметі Заңға адалдықтың және халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі. Ол сот билігінің беделін қалыптастырып, нығайтқан судьялар буынының өкілі.
Қарағанды облыстық сотының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында сот қауымдастығы Нина Васильевна Батукованы мерейлі 90 жасымен шын жүректен құттықтайды және сот жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі, көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, жан жылуы, сергектік, туған-туыстарыңыздың қамқорлығы мен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Құрметпен, Қарағанды облыстық сотының ұжымы


