Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Соңғы 3 жылда нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттеріне қатысты 1499 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап берген Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті осылай мәлімдеді.

Жауапты орган мәліметінше, 137 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 111 нотариустың лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған. Ал 16 нотариус сот шешімімен нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

Қазақстанда қанша нотариус жұмыс істейді?

Комитеттің мәліметінше, бүгінде ел аумағында 4932 нотариус қызмет көрсетеді.

«Нотариат туралы» заңға сәйкес, жеке практикамен айналысатын нотариустардың заң талаптарын сақтауын аумақтық әділет органдары бақылайды. Егер азаматтар немесе заңды тұлғалар нотариустың әрекетінен заң бұзушылық белгілерін анықтаса, дәлелдерін қоса тіркеп шағымдана алады.

Мұндай шағымдар жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болады.

Азаматтар көбіне неге шағымданады?

Әділет органдарына түсетін өтініштердің басым бөлігі нотариустар куәландырған мәмілелердің заңдылығына, мұрагерлік істерге және атқарушылық жазбаларға қатысты.

Тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша нотариустардың әрекеттеріне байланысты 7736 өтініш тіркелген. Оның 6529-ы аумақтық әділет органдарына жолданған, — дейді ведомство.

Ведомство мәліметінше, нотариустарға қатысты даулардың едәуір бөлігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты туындайды.

Заң бұзған нотариустарға қандай шара қолданылады?

Егер тексеру барысында нотариустың заң талаптарын бұзғаны дәлелденсе, оған тәртіптік жаза қолданылып қана қоймай, лицензиясының күші уақытша тоқтатылуы немесе мүлде кері қайтарылуы мүмкін.

Комитеттің хабарлауынша, дәл осындай негіздермен соңғы жылдары ондаған нотариус жауапкершілікке тартылған.

Цифрлық нотариат қалай жұмыс істейді?

Нотариат саласында бақылауды күшейтумен қатар цифрландыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр.

2023 жылғы 11 сәуірден бастап елімізде «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында азаматтар eGov Mobile қосымшасы арқылы нотариуспен бейнебайланысқа шығып, сенімхаттар мен келісімдерді онлайн рәсімдей алады.Бұл қызмет әсіресе өңір тұрғындары мен уақыт үнемдеуді қалайтын азаматтар үшін қолайлы мүмкіндікке айналды, — дейді жауапты орган.

Сондай-ақ атқарушылық жазба бойынша жаңа тетік енгізілді.

2025 жылғы 31 наурыздан бастап «Цифрлық атқарушылық жазба» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді нотариус атқарушылық жазба рәсімдеген кезде борышкерге автоматты түрде SMS немесе push-хабарлама жіберіледі, — делінген жауапта.

Сонымен қатар борышкердің тіркелген мекенжайы сәйкес келмеген жағдайда атқарушылық жазбаны рәсімдеу автоматты түрде бұғатталады.

Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтардан түсетін шағымдардың санын азайтуға оң әсер еткен.

Нотариустарға бақылау тағы да күшеймек

Қазір Мәжілісте нотариаттық қызмет мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр. Құжат нотариустардың жұмысына бақылауды күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Осы орайда мәжіліс депутаты Анас Баққожаев нотариус қызметтерінің қазіргі құнына қатысты мәселе көтеріп, тарифтік саясатты қайта қарау қажеттігін айтқан болатын.Оның пікірінше, нотариустар көрсететін кейбір қызметтердің бағасы атқарылатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне сай келмейді.

Депутаттың айтуынша, көлік құралын басқаруға арналған сенімхатты рәсімдеу үшін азаматтар шамамен 17 мың теңгеден астам қаражат төлейді. Алайда мұндай құжатты дайындауға көп уақыт кетпейді.

Көп жағдайда нотариус дайын үлгіні пайдаланады, қажетті деректерді енгізіп, құжатты бірнеше минуттың ішінде рәсімдейді. Соған қарамастан қызмет құны айтарлықтай жоғары болып отыр, — деді ол.

Сондай-ақ депутат жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін рәсімдеу құнына назар аударды. Мәселен, ипотекалық тұрғын үйге қатысты келісімшартты куәландыру үшін азаматтар 17 300 теңге төлесе, кейбір қарапайым шарттардың бағасы 51 900 теңгеге дейін жетеді.

Депутаттың пікірінше, мәселенің түп-төркіні нотариустық тарифтерді есептеу жүйесінің ескіргенінде жатыр. Ол бұл тарифтердің экономикалық негіздемесі шамамен жиырма жыл бұрын қалыптасқанын айтты.

Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі цифрландырылып, түрлі электронды дерекқорлар іске қосылды. Соның нәтижесінде нотариустардың жұмысы да жеңілдеген. Алайда тарифтер бұрынғыдай айлық есептік көрсеткішке байланып қалған және жаңа жағдайларға бейімделмеген, — деді депутат.

Ал Әділет министрлігі өкілдерінің пікірінше, цифрландыру мен бақылау шаралары нотариат саласының ашықтығын арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.