Сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түсейді

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейді, елдің әділдікке, төрелікке деген сенімін төмендетеді. Мұның соңы халықтың өзіне, елінің болашағына қатысты күмәнін көбейтеді. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Қазақстанның сот және құқық қорғау жүйелеріндегі ең басымдыққа ие бағыттың бірі саналады.

Сот жүйесінде де жемқорлықтың алдын алуға қатысты жұмыстарды жүйелі қолға алып, сындарлы орындау басты назарда тұр. Бұл бағыттағы іс-шаралар негізінен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қылмыстық істерді қарауға және қызметкерлердің жауапкершілігін көтеруге бағдарланған. Әрине, жемқорлық сияқты тамырын тереңге жайған кеселді бір адамның ниеті, бір құрылымның күшімен жеңу әсте мүмкін емес. Ол үшін күрес халықтық сипат алып, ел ішінде басты назарда тұруы тиіс. Соған орай отандық сотта ең алдымен судьялар мен сот қызметкерлері арасында жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға күш салынады. Теріс қылықпен көзге түскен әріптестер ісін көпшілік алдында талқылау да ұжым ішінде жемқорлыққа қарсы пікірді орнықтырады.

 Судьялар мен сот қызметкерлерінің этикалық кодексті сақтауын міндеттеу, іс жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету де жемқорлықтың таралуына жол бермейді. Сондай-ақ сот саласында бірыңғай сот практикасының қалыптасуы пара алу, пара беру, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану секілді құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Жалпы сыбайлас жемқорлықты жоюдың бүгінгі формуласы белгілі. Ол – ашықтық, жеделдік, заңдылық, төрелікке деген адалдық пен отанға деген сүйіспеншілікпен байланысты. Сондай-ақ жемқорлық фактілеріне төзбеу де қылмыстың етек жаюына ықпал етеді. Сондықтан азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болған жағдайда құзырлы органдарға шұғіл хабарласып, кеселдің дендеуіне жол бермеуі шарт.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процестерін цифрландыру, істерді автоматты түрде бөлу, кадрларды қатаң іріктеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сот қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан бүгінгі шаралар кезең-кезеңімен өз нәтижесін берері анық.

Т.Далабаева, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...