Талап қоюды қамтамасыз ету шараларын шешу жолдары

Сот шешімдері орындалмай орта жолда қалмауы үшін, сондай-ақ кейіннен орындау барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу үшін талап қоюды қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Бұл уақытша процестік әрекеттерді орынды қолданудың маңызы зор

Сот мұндай процессуалдық шараларды талап арыз берілгеннен бастап сот шешімі орындалғанға дейінгі кез келген уақытта қолдануы мүмкін. Оның заңдық тетігі Азаматтық процестік кодексінде толық дәйектелген. Осы заңдағы механизмге сәйкес сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуде бірнеше шара қолға алынады. Оның біріншісі – мүлікке тыйым салу. Яғни, сот жауапкерге тиесілі, өзінде немесе басқа тұлғаларда (үшінші жақтарда) тұрған мүлікке тыйым салу құзыретін пайдаланады. Екіншісі – әрекеттерге тыйым салу. Сәйкесінше сот жауапкер мен басқа адамдардың даулы мүлікке қатысты белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салады. Мысалы, мұндай шара қолданылған жағдайда мүлікті сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға жол  берілмейді. Үшіншісі – белгілі бір әрекеттерді орындау міндеті. Бұл шараны қолдану барысында жауапкердің немесе басқа тұлғалардың даулы мүлікке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерді орындауы міндеттелуі мүмкін.

Бұдан бөлек даулы затты үшінші тұлғаға беруге тыйым салу, қаражатты ұстап қалу түріндегі талапты қамтамасыз ету шараларын қолдану қарастырылған.

Тағы бір атап өтерлігі жоғарыдағы шаралар талап қоюшының немесе оның өкілінің арызы негізінде ғана қабылданады. Әрі сот бұл пәрменді құралдарды арызды түскен күні кідіріссіз шешеді.

Судья талап арызды іс жүргізуге қабылдағаннан кейін ғана сот процесінің кез келген кезеңінде талапты орындату шараларын қолдануы мүмкін. Мұндай тетіктердің заңнамада көреніс тауып, тәжірибе барысында тыңғылықты қолданылуы халықтың сотқа деген сенімін нығайтудың бірден-бір кепілі. Себебі бізде әлі күнге дейін сот актілерін өз еркімен орындау мәдениетін толық қалыптаспаған. Ал соттан әділдік күтіп, жүгінген азаматтар сот шешімдері орындалмаған жағдайда әділдікке, тура төрелікке деген сенімінен айырылады. Сондықтан талап қоюды қамтамасыз ету шараларын орынды, заңды, жедел қолданудың маңызы зор.

Г.Бейсенова, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....