Мемлекеттік тіл – мәртебесі биік құндылық

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің айбыны мен елдіктің айғағы. Тіл – ұлттың рухы, халықтың жаны, тарихи жадын сақтайтын асыл қазына. Сондықтан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру – тек тіл жанашырларының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазақ тілі бүгінде мемлекеттік басқару, білім беру, мәдениет, ақпарат салаларында кеңінен қолданылып, қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл – егемен елдің ең үлкен жетістіктерінің бірі.
Мемлекеттік тілдің орны сот жүйесінде де ерекше. Өйткені сот – әділдік салтанат құратын орын. Ал әділдіктің халыққа түсінікті тілде жүзеге асуы – азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызды қағидалардың бірі. Азаматтардың сотқа өз ана тілінде жүгініп, талап-арыздарын мемлекеттік тілде беріп, сот шешімдерін қазақ тілінде алуына барлық құқықтық мүмкіндік жасалған.
Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану тек заң талабы ғана емес, халыққа деген құрметтің белгісі. Құқықтық құжаттардың сауатты әрі мазмұнды қазақ тілінде дайындалуы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағытта сот саласында мемлекеттік тілдің сапалы қолданылуына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Қазақ тілі – ұлтты біріктіретін алтын көпір. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сұраныстың артуы – ұлттық сананың өскенінің көрінісі. Бүгінде жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығы артып, мемлекеттік тілде еркін білім алып, кәсіби қызмет атқарып жүрген азаматтардың қатары көбейіп келеді. Бұл – болашаққа деген сенім.
Алайда мемлекеттік тілдің мәртебесі тек заңмен ғана емес, күнделікті қолданыспен нығаяды. Әрбір азамат қазақ тілін құрметтеп, оны тұрмыста, қызметте, қоғамдық ортада кеңінен қолданғанда ғана мемлекеттік тілдің мерейі үстем болады. Ана тілін ардақтау – ұлттық болмысымызды сақтау деген сөз.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген болатын. Сондықтан мемлекеттік тілге деген жанашырлық – ел болашағына деген жанашырлықпен тең.
Қазақ тілі – тәуелсіздіктің тұғыры. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды нығайтып, келер ұрпаққа рухани бай мұра қалдырамыз. Тіліміздің тұғыры биік, мәртебесі асқақ болсын.

Мырзахметов Куандык Шалатаевич, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Гендірлік теңдік – демократиялық қоғамның негізі

Қазіргі таңда әлемде гендерлік мәселелерге, яғни ерлер мен әйелдердің...

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕЙРАМХАНАЛЫҚ КЕШТЕРДЕН БАС ТАРТЫП, ИГІЛІКТІ БАСТАМАЛАРҒА БЕТ БҰРУДА

Астана қаласында биылғы мектеп бітіруші түлектер арасында жаңа әлеуметтік...

Салауатты өмір салты – сапалы білімнің кепілі

XXI ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес,...

РЕЗУЛЬТАТЫ ПЕРЕГОВОРОВ

Результаты вчерашних переговоров Токаева и Путина показали, что Астана...

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...