Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның басты талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлем елдерінің барлығына ортақ күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл құбылыс қоғамның дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекет пен халық арасындағы сенімге сызат түсіреді. Сондықтан жемқорлықпен күресу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділ қоғам қалыптастыру және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру бағытында нақты тапсырмалар беріп келеді. Осы орайда сот жүйесіне де ерекше жауапкершілік жүктелген.
Сот – әділдіктің айнасы. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, сот шешімдерінің заң аясында әділ қабылдануы қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің негізі болып табылады. Сондықтан сот саласында адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын сақтау – уақыт талабы.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қызмет барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен ашықтық танытуы басты назарда.
Сот приставының негізгі міндеті – сот ғимараттарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сот процесінің қалыпты өтуіне жағдай жасау және белгіленген тәртіптің сақталуын бақылау. Бұл қызмет жоғары жауапкершілікті, адалдықты және кәсіби біліктілікті талап етеді. Әрбір қызметкер өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір азамат заңды құрметтеп, пара беруден де, пара алудан да бас тартуы керек. Себебі жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасынан, тәрбиеден және қоғамдағы ортақ көзқарастан басталады.
Бүгінде цифрландыру жүйесінің енгізілуі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға оң ықпал етуде. Электронды қызметтердің көбеюі, мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы ашықтықты қамтамасыз етіп, адам факторын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – үздіксіз жүргізілетін маңызды жұмыс. Әрбір мемлекеттік қызметкер халық сеніміне лайық болып, өз міндетін адал атқаруы тиіс. Сонда ғана біз заң үстемдігі орныққан, әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз.

Мырзақұл Серікболсын Мадиұлы, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот приставы

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

Гендерлік саясат – қоғам дамуының кепілі

Қазіргі таңда гендерлік саясат – мемлекет дамуының маңызды бағыттарының...

Материалдық және моральдық зиянды өтеу жайлы біле жүріңіз

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, материалдық және моральдық зиянды өтеу...

ЕНУ расширяет сотрудничество с ведущими вузами России

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева заключил соглашение...

ЕҰУ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бүкілресейлік сыртқы сауда...