Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды 

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім қаза тапты. 

Кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала анықтама бойынша, қайғылы оқиға 26 мамырда Целиноград ауданында көкпар ұлттық ойынына жаттығу кезінде болған. 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала аттан құлап, көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Тергеу іс-шаралары шеңберінде жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, — деп хабарлады Ақмола оьлысының ПД баспасөз қызметі. 

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.