Электронды үкімет және мемлекеттік қызмет


     Қазіргі заманда технологияның дамуы қоғам өміріне үлкен өзгерістер енгізді. Соның бірі – электронды үкімет жүиесінің пайда болуы. Электронды үкімет мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетіп, халыққа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Электронды үкімет-мемлекеттік қызметтердің интернет арқылы қызмет көрсетілуі деп білеміз. Бұл жүие арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ, түрлі құжаттарды рәсімдеп, анықтамалар алып, өтініш жібере алады. Мысалы: жеке куәлікке өтініш беру, айыппұл тексеру  немесе оқу орнына құжат тапсыру сияқты тағы басқада, қызметтерді онлайн түрінде  жазып тапсыра алады. Менің ойымша, электронды үкіметтің басты артықшылығы – уақытты үнемдеу болып табылады. Бұрын адамдар қажетті керек құжаттар алу үшін ұзақ кезекте тұратын болса, қазір көптеген қызметтер бірнеше минут ішінде орындалады. Сонымен қатар, бұл жүие мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып  сыбайлас жемқорлықтың азаюына көмектеседі. Электронды үкімет мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартады. Қазіргі мемлекеттік қызметшілер  ақпараттық технологияларды  жақсы меңгеріп, халыққа жылдам әрі, сапалы қызмет көрсетуі керек. Бұл заманауи мемлекеттік қызметтің маңызды ерекшеліктерінің бірі. Сондай-ақ, электронды үкімет халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтады. Адамдар өз өтініштері мен ұсыныстарын онлайн түрде жолдап, қажетті ақпаратты тез ала алады. Бұл азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. 
    Қорытындылай келе, электронды үкімет-қазіргі қоғам үшін өте маңызды жүие болып тұр. Ол мемлекеттік қызметті тиімді, әрі жылдам және қолжетімді етеді. Болашақта технологияның дамуына байланысты электронды қызметтердің мүмкіндіктері одан әрі кеңейе түседі деп ойлаймын.

БҚО №2 Орал қалалық сотының жетекші маманы
Байтақ- Күміс Бөпежанқызы.

Государственным служащим города Алматы даны разъяснения

Сегодня руководителем Управления контроля в сфере государственной службы Департамента...

Соблюдение трудового законодательства – залог сохранения мира

Важная составляющая почти любой современной правовой системы — трудовое...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САНДЫҚ СЕРПІЛІС

Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесі цифрландыру бағытында қарқынды дамып,...

Проведена игровая терапия с осужденными

Терапия для взрослых с использованием игр — это психотерапевтический...

ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«ЗАҢ» Медиа-корпорациясы биыл тоғызыншы рет детектив шығармалар байқауын жариялап отыр.