«ЗАҢ» Медиа-корпорациясы биыл тоғызыншы рет детектив шығармалар байқауын жариялап отыр.
Биылғы байқаудың талаптары:
Техникалық талап: Мəтін Microsoft Word редакторында терілуі тиіс, қарпі – Times New Roman, кегль – 14, жоларалық интервал – 1, бас- аяғы 1-5 беттен аспағаны абзал.
Сондай-ақ байқауға қатысушылар көмегімен қазақ детективінде бірегей ізкесушінің бейнесін қалыптастыруды мақсат етіп келе жатқанымызға биыл үшінші жыл.
Еске сала кетсек, ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың қаламынан туған Шерлок Холмс – əдеби персонаж. Жазушы қиялының жемісі саналатын осы ізкесушіні əлем халқы таниды, жақсы көреді. Содан болар, Шерлок Холмсқа деген құрмет жоғары. 1990 жылы Лондоннан ашылған музей-үйі – сөзіміздің нақты дəлелі.
Бүгінде бұл музейге келушілерде есеп жоқ. Қысы-жазы кезек арылмайтын музейде жазушы шығармасындағы персонаждармен қауышып, əр оқиғаның ішінде жүргендей хал кешесіз. Артур Конан Дойлдың кереметтігі осында. Ол ағылшын детективін дамытуға сүбелі үлес қосып қана қоймай, Шерлок Холмс бейнесі арқылы ағылшын ізкесушілерінің мықтылығын, даралығын дəлелдеді. Сөз құдіретінің арқасында қиялдан туған кейіпкерінің көмегімен елінің танымал болуына ықпал етіп отыр. Ендеше, қазақтың өз ізкесушісінің образын қалыптастыруға не кедергі? Мұндай айтулы тұлғаны қаламның күші, қиялдың ұшқырлығымен жасайтын – Сіз бен біз!
Құрметті байқауқауға қатысушылар!
Ішкі істер министрлігінің білікті мамандарымен ақылдаса отырып, сіздерге ұсынғалы отырған бірегей ізкесушінің бейнесі төмендегідей:
Тергеушінің /жедел уəкілдің/ сипаттамасы:
Қайсенов Абылай Əзімханұлы.
* Жасы: 35-50 аралығында;
* Қалалық ІІБ Тергеу бөлімінің басшысы, шені – полковник.
* Жоғары білімді, арнайы оқу орнын аяқтаған /бірге оқыған достарымен əрдайым хабарласып тұрады/.
* Орта денелі, бойы 170-180 см, салмағы 83 кг.
* Жас кезінде спортпен кəсіби түрде шұғылданған /күрес түрлерінен спорт шеберіне үміткер; осының арқасында елде ғана емес, шет мемлекеттерде де спортшы таныстары көп. Спортпен əлі күнге тұрақты айналысып тұрады. ІІМ қызметкерлері арасында өткізілетін турнирлердің жеңімпазы;/
* Отбасылы: 2 ұл, 1 қызы бар. /Жұбайы – Айша, мамандығы – дəрігер. Үлкен ұлы Медғат IT саласында қызмет етеді, жеке кəсіпкер. Екінші ұлы Қасым – ЖОО студент. Қызы Еркеназ – орта мектептің 9-сынып оқушысы.
* Ата-анасы Астана қаласында тұрады, екеуі де зейнеткер /олармен, туыстарымен, достарымен байланысты үзбейді;/
* Жұмыста қатал, бір істі қолға алса, нəтиже шығармай тынбайды; мəселені қазбалап, бүге-шігесіне дейін зерттеп, мəн-жайды анықтауды əдет қылған.
* Уəдеге берік, тік мінезді, алайда əр істі ақылға салып, аналитика жасап шешім қабылдауды жөн санайды; * Жауапкершілігі жоғары, кəсіби шебер маман ретінде кейде басқа өңірлерге іссапарға шығып тұрады /жедел тергеу тобы құрамында күрделі істерді тергеу үшін/;
* Адамдармен қарым-қатынаста сыпайы, ортада өзін ұстай біледі, үлкен-кіші демей барлығына құрметпен қарайды. Қиналған адамға көмектесуге, қол ұшын созуға дайын тұрады.
* Атыс қаруын жақсы меңгерген.
* Бос уақытында балық аулағанды жақсы көреді /қармақпен/. Отбасымен табиғат аясына шығып демалғанды ұнатады; * Салт-дəстүрді, əдет-ғұрыпты мықты ұстанады, жөн-жосықты жақсы біледі;
* Криминалистика бойынша үнемі оқып, ізденеді.
* Адал, жемқорлыққа жаны қас. Бұл – біз ұсынып отырған кейіпкердің жалпы сипаттамасы. Ал, бас кейіпкердің қасиетін əрі қарай даралау, қандай қылмысты аштырып, қандай жұмбақты шештіру, ең бастысы, ізкесушіден жағымды бейне қалыптастыру – сіздің қиялыңыз бен шеберлігіңізге байланысты. Еркіндікке шек қойылмайды.
* * *
Байқаудың үздік шығармалары жинақталып кітап болып шығады. Осыған орай авторлардан өзі туралы толық мəліметті берумен бірге, шығармасын жинаққа қосу туралы рұқсатты жазбаша рəсімдеп жолдау талап етіледі.
Оның мəтіні төмендегідей:
ҚОЛХАТ Мен _________________________________________ «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС бастамасымен өтетін детектив байқауына қатыса отырып, конкурсқа жолдаған ………………………. атты шығармамның авторлық құқын «Заң» Медиа- корпорациясы» ЖШС-не беремін. Ұйымдастырушылар шығармамды баспасөз бетінде, интернет сайттар мен əлеуметтік желіде менің рұқсатымсыз жария лап, жинаққа енгізе алады жəне басқа да мақсаттарға пайдалануға құқылы. Болашақта менің тарапымнан ешқандай талап, шағым, наразылық болмайды.
Аты-жөні, қолы, датасы
Қосымша сұрақтарыңыз бен шығармаңызды zangazet@mail.ru электрондық поштасына «Байқауға!» деген белгімен жолдай аласыз!
Байланыс телефоны: 87011220940


