Тыңдау жүргізу негіздері мен тәртібі

Тыңдау жүргізу – әкімшілік рәсімдердің маңызды кезеңдерінің бірі. Өйткені ол әкімшілік органға істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік орган рәсімге қатысушыға іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.
Басқа адамдардың заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын; атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын; Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін бес жұмыс күнінен аз мерзім белгіленген; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін; әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген; оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын; әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын; әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты шығарылған, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы немесе әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот актісі болған; әкімшілік орган, лауазымды адам жеке қабылдауға тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда тыңдау рәсімі жүргізілмейді.
Әкімшілік актіні дереу қабылдауға талап етілетін жағдайда әкімшілік актіде тыңдау жүргізілмеген дәлелдері көрсетілуі тиіс.
Тыңдау рәсімі тағайындалғаннан кейін әкімшілік рәсімге қатысушылар алдын ала шығарылған шешім бойынша өз уәждерін, қарсылықтарын және дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Тыңдауды ауызша нысанда өткізу үшін әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда тыңдау хаттамасын жүргізіледі.
Жазбаша нысанда тыңдау кезінде хаттама жүргізілмейді.
Тыңдау рәсімін сапалы әрі толыққанды өткізу қабылданатын әкімшілік актінің заңдылығы мен негізділігіне тікелей ықпал етеді.
Тыңдау рәсімінің мүлдем жүргізілмеуі, қабылданған әкімшілік актінің күшін жоюға негіз болуы мүмкін.

Абилгазина Асылхан, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«ЗАҢ» Медиа-корпорациясы биыл тоғызыншы рет детектив шығармалар байқауын жариялап отыр.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін басты кесел

Сыбайлас жемқорлық (коррупция) – заманауи әлемнің ең қауіпті әрі...

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...