Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Алматы Кітапханаларында 30 кітапхана жұмыс істейді. Соның ішінде Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Alatau Creative Hub орталығы, Қазақстан жазушылар кітапханасы, А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана, Розыбакиев көшесі, 247 мекенжайында орналасқан және Бельгер көшесі, 1Б мекенжайындағы филиалдар тәулік бойы жұмыс істеп, оқырмандарға білім мен кітаптарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Алғаш рет 2023-2024 жылдары тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен кітапханалардың келушілер саны 70%-ға артты. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарына кітапхананың мәдени және білім беру орталығы ретіндегі рөлінің нығайғанын көрсетеді. Осылайша, қолжетімді инфрақұрылым оқырман санының тұрақты өсуіне ықпал етіп, 2026 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны «ұйықтамайтын қалаға» айналдыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес тәулік бойы қызмет көрсететін кітапханалар қатары кеңейіп, олардың саны 7-ге жетті.

Аталған кітапханаларда тыныш әрі жайлы оқу залдары, интернетпен қамтылған компьютер залы, бай кітап қоры, жұмыс істеуге, оқуға, дамуға қолайлы сервистер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жұмыс орындары қарастылырған. Сонымен қатар, әртүрлі жастағы оқырмандарға шығармашылық пен дамуға бағытталған клубтар мен үйірмелер ұсынылады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...