Алматылық оқушылар салауатты өмір салтын таңдап, спортта жоғары нәтиже көрсетуде

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Алматы қаласының мектеп оқушылары республикалық жарыстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жетіп, бұқаралық спортты дамытуда белсенділік танытып келеді. Қалада жасөспірімдерді спортқа баулу, денсаулығын нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Бүгінде Алматы мектептерінде оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру басты бағыттардың біріне айналған. Спортпен тұрақты айналысатын жастардың қатары артып, олардың түрлі жарыстардағы жетістіктері де көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, спорт жасөспірімдердің тәртібін қалыптастырып қана қоймай, темекі, алкоголь және есірткі секілді зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға ықпал етеді.

Биыл спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларымен 150 мыңнан астам адам қамтылды. Жыл басынан бері қалада мыңдаған оқушы қатысқан 100-ге жуық жарыс пен спорттық жоба ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін тағы 70-ке жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Қалалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Almaty Jastar Ligasy» жобасы жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беруде. Қазіргі таңда апта сайын 256 команда өзара бақ сынасып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып келеді.

Алматылық оқушылар республикалық деңгейде де үздік нәтижелер көрсетуде. Ұлттық мектеп лигасының қорытындысында Алматы құрамалары спорттың 10 түрі бойынша жалпыкомандалық есепте ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ пен шахматтан өткен республикалық олимпиадаларда жүлделі ІІ және ІІІ орындарға қол жеткізді.

Ал «Дене шынықтыру» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиадада 7–8 сынып оқушыларынан құралған команда І орын иегері атанып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Қала мектептерінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беруде.

Педагогтердің пікірінше, спортпен шұғылданатын балалардың өмірге деген көзқарасы да өзгеше қалыптасады. Олар уақытын пайдалы өткізіп, денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерден саналы түрде бас тартады. Сондықтан мектептердегі спорттық үйірмелер мен жарыстар тек дене шынықтыруды ғана емес, жас ұрпақтың дұрыс өмірлік ұстанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортта биік белестерді бағындырып жүрген алматылық оқушылар – еліміздің болашағының жарқын үлгісі.

Мәдина Қали

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...