Жұмыс істейтін оқушылардың құқығы қалай қорғалмақ?

Қазақстанда жұмыс істейтін жасөспірімдердің басым бөлігі ресми еңбек шартынсыз еңбек етіп жүр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінде кәмелетке толмаған жұмыскерлердің құқықтарын қорғау заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, балалардың жұмыс уақытына шектеу қойылған, түнгі уақытта және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге тыйым салынған. Сонымен қатар ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімі міндетті түрде ескеріледі, — деді Ертаев.

Алайда жүргізілген зерттеу нәтижелері бірқатар өзекті мәселені көрсеткен.

Министрлік өткен жылдың қазан айынан биылғы сәуір айына дейін 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау мәселелері бойынша зерттеу жүргізген. Сауалнамаға балалар мен олардың ата-аналары арасынан 100 мыңға жуық адам қатысқан.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, оқушылардың жұмыс істеудегі негізгі мақсаты — жеке қажеттілігіне ақша табу және ата-анасына көмектесу.

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 16,2 пайызында базалық еңбек тәжірибесі бар екені анықталған.

Сонымен қатар өткен жазғы кезеңде:

  • жасөспірімдердің 70 пайыздан астамы ресми еңбек шартынсыз жұмыс істеген;
  • 51 пайызға дейінгі оқушылар кешкі немесе түнгі уақытта еңбек еткен;
  • әр оныншы жасөспірім жалақының кешіктірілуі немесе мүлде төленбеуі жағдайына тап болған.

Осыған байланысты министрлік кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейту үшін биыл ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асырып жатқанын мәлімдеді.

Жоспар аясында Еңбек кодексіне және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

  • жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуді;
  • кәмелетке толмағандарды сақтандыру арқылы қорғауды;
  • жасына және еңбек қауіпсіздігі талаптарына қарай жасөспірімдерге рұқсат етілетін және тыйым салынатын жұмыс түрлерін нақты айқындауды көздейді.

Ертаевтың сөзінше, бұл өзгерістер Халықаралық еңбек ұйымының балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу жөніндегі №182 конвенциясына сәйкес әзірленген.

Сонымен қатар бақылау шаралары да күшейтіледі.

Атап айтқанда, енді кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуына мониторинг Еңбек тәуекелдері картасы негізінде цифрлық форматта жүргізіледі. Бұл жүйе штатында 10-нан астам қызметкері бар барлық кәсіпорындарды қамтиды, — деп айтты министр.

Бұдан бөлек, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы бейресми жұмыспен қамтуға бақылау күшейтіледі.

Министрлік ата-аналар арасында балалардың еңбек құқықтары, жас шектеулері және заңмен қарастырылған кепілдіктер жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі мақсат — жасөспірімдердің бейресми жұмыспен қамтылуын азайтып, еңбек қатынастарын заң аясында реттеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.