Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді әуежай аумағына кіру Ахметова көшесі бойымен, Ақсұңқар қонақ үйінің алдындағы 3 кіреберіс арқылы жүзеге асырылады.

Ал әуежай аумағынан шығу бұрынғыдай Майлина көшесі арқылы орындалады. Әуежайға келер кезде уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, себебі қарбалас уақытта кептеліс туындауы мүмкін.

«Егер әуежай қонақтарының әуежайға кіру кезінде қосымша сұрақтары немесе мәселелері туындаған жағдайда , + 7 777 009 90 68 байланыс нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ әуежай аумағында жүрген арнайы форма киген қызметкерлерден көмек сұрай алады», — делінген хабарламада.

Құрылтай депутаттарын сайлауға 34,3 миллиард теңге бөлінді

Сайлау республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы...

Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын...

ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді 

Қазақстандағы сайлауды үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттің өкілдері бақылайды.

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты 

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.