Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде айқын бекітілген. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолдану аясын кеңейту – тек тіл саясатының ғана емес, ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды бағыты. Мемлекеттік тіл – халықтың рухани байлығы, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының символы.

Бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғам өміріндегі рөлі жылдан-жылға артып келеді. Мемлекеттік органдарда, білім беру мекемелерінде, сот жүйесінде және қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану деңгейі жоғарылап отыр. Бұл – еліміздегі тіл саясатының жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқандығының айқын көрінісі.

Сот жүйесінде де мемлекеттік тілдің маңызы ерекше. Сот өндірісінің заң талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде жүргізілуі азаматтардың құқықтарын қорғаумен қатар, мемлекеттік тілдің құқықтық саладағы қолданысын кеңейтуге ықпал етеді. Әрбір азаматтың мемлекеттік тілде ақпарат алып, өз өтініштері мен талаптарын ана тілінде білдіруіне толық мүмкіндік жасалған.
Мемлекеттік тілді дамыту – тек мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, бұл – барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе жас ұрпақтың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, оның күнделікті өмірде еркін қолданылуына жағдай жасау маңызды. Тілді білу – болашаққа бастар жолдың кепілі, кәсіби дамудың да маңызды факторы.

Қазақ тілін насихаттау мақсатында түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар, байқаулар, семинарлар мен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мұндай шаралар мемлекеттік тілдің беделін арттырып қана қоймай, қоғамдағы тіл мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – уақыт талабы. Әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтеп, оны күнделікті қарым-қатынаста белсенді қолданғанда ғана тілдің мерейі үстем болады. Тілге құрмет – елге құрмет. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту жолындағы ортақ міндетті бірлесе атқару – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.Т.Калдыбекова

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...