ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж күні» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Бұл күн колледж қабырғасында қалыптасқан білім беру ортасын, студенттердің кәсіби дайындығын, шығармашылық ізденісін және оқу орнының даму бағытын жан-жақты танытқан ерекше іс-шара болды.

Мерекелік іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, университет басшылығы, мектеп директорлары, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, ата-аналар, колледж түлектері мен талапкерлер қатысты. Қонақтар колледж өмірімен жақын танысып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын, білім беру бағдарламаларын, студенттердің кәсіби және шығармашылық жұмыстарын тамашалады.

Бағдарлама қонақтарды салтанатты түрде қарсы алудан басталды. Оқу орнына келген әрбір мейманды колледж ұжымы жылы ықыласпен қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Одан кейін арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып, студенттер өнерлерін ортаға салды. Ән мен би, сахналық қойылымдар арқылы білім алушылар өздерінің шығармашылық қырын көрсетіп, мерекенің шырайын аша түсті.

Іс-шараның келесі бөлімінде студенттердің кәсіби бағыттағы дайындығы көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтар «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша білім алушылардың әзірлігін көріп, олардың шұғыл жағдайда әрекет ету дағдыларымен танысты. Сондай-ақ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша саптық жүріс көрсетілді.

Мереке барысында колледждің жетістіктері мен Жастар ісі комитетінің қызметі де таныстырылды. Студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы, түрлі бастамаларға қатысуы, оқу орнындағы жастар саясатының жүйелі жүргізіліп отырғанын көрсетті. Сонымен қатар «Туризм» мамандығы бойынша арнайы таныстырылым жасалып, бұл бағыттың ерекшелігі, болашақтағы мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы маңызы түсіндірілді.

Қонақтар назарына колледждің алдағы бес жылға арналған стратегиялық даму жоспары да ұсынылды. Бұл бөлімде оқу орнының болашақтағы мақсаттары, білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарлары, жаңа жобалары мен даму басымдықтары айтылды. Мұндай таныстырылым колледждің бүгінгі жұмыспен ғана шектелмей, келешекке нақты бағдар жасап отырғанын көрсетті.

«Колледж күні» аясында көрмелер мен экскурсиялар ерекше мазмұнға ие болды. «Тағам өндірісі технологиясы» зертханасының жұмысы таныстырылып, технологиялық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша көрме ұйымдастырылды. Қолдан әзірленген тағамдар көрмеге қойылып, қонақтарға шеберлік сабақтары көрсетілді. Бұл бөлім ұлттық дәстүрді кәсіби біліммен байланыстырып, келушілерге ерекше әсер қалдырды.

Әлеуметтік серіктестер өткізген мастер-кластар да қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Технологиялық бағыттағы бұл шеберлік сабақтары студенттерге болашақ мамандығының нақты өндірістегі орнын түсінуге мүмкіндік берді. Ал қонақтар колледждегі оқу үдерісінің тәжірибемен тығыз байланыста жүргізілетінін байқады.

Білім алушылардың мамандықтары бойынша дайындаған шығармашылық және кәсіби жұмыстары да көрмеге қойылды. Әрбір жұмыс студенттердің ізденісін, еңбегін, таңдаған саласына деген қызығушылығын танытты. Қатысушылар «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасының зертханаларын аралап, 302 және 304 аудиториялардағы оқу кеңістігімен танысты. Ашық сабақтар мен білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары да келушілерге пайдалы ақпарат берді.

Күннің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушілер мен колледж түлектерінің студенттермен кездесуі болды. Еркін форматта өткен жүздесуде қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби жол таңдауда қажет болатын кеңестерін айтты. Мұндай әңгімелер студенттерге болашақ мамандығына жауапкершілікпен қарауға, еңбек нарығының талабын түсінуге және өз мақсатын нақтылауға ықпал етті.

Іс-шара соңында қатысушыларға түскі ас ұсынылып, қонақтар колледж ұжымының ұйымдастырушылық еңбегіне ризашылық білдірді. Күні бойы өткен бағдарлама мазмұндылығымен, жүйелілігімен және жылы атмосферасымен есте қалды.

«Колледж күні» – оқу орнының мүмкіндігін танытқан жай ғана мерекелік шара емес, білім мен тәжірибені, дәстүр мен жаңашылдықты, студент пен жұмыс берушіні, талапкер мен оқу орнын тоғыстырған маңызды алаң болды. Бұл күн колледждің материалдық-техникалық базасын, білім беру әлеуетін, студенттердің кәсіби қабілетін және болашаққа бағытталған даму жолын кеңінен көрсетті.

Колледждің маңызды күніне арнайы келіп, ортақ қуанышқа серіктес болған қадірлі қонақтарға, әлеуметтік серіктестерге, ата-аналарға, түлектерге және мектеп өкілдеріне шынайы алғыс білдіреміз. «Колледж күні» білімге ұмтылған жастар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашып, колледждің келешекке сеніммен қадам басып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Арайгүл Рамазанова

ХИТУ оқытушысы

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау

Қылмыс туралы арыздарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Абай облысы ҚАЖ максималды қауіпсіздік мекемесінде тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты максималды қауіпсіздік мекемесінде...