МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДІЛ ӨСУ ЖОЛЫ

📍Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше мән берілуде. Соның бірі – меритократия қағидаты.
📍Меритократия – қызметте жеке таныстықпен емес, білім, тәжірибе, кәсіби қабілет пен еңбектің нәтижесі арқылы өсу деген сөз.
📍Қызметкер өз жұмысын сапалы атқарып, жауапкершілік танытса, оның мансаптық өсуіне мүмкіндік беріледі. Бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.
📍2026 жылы Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында бірінші тоқсан көрсеткіші бойынша 11 басшылық лауазымына 6 (54,5%) мемлекеттік қызметші меритократия қағидаты негізінде ішкі конкурс арқылы тағайындалды.
📍Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінде 19 басшылық лауазымның 10-ы (53%)  осындай тәртіппен тағайындау жүзеге асырылды.
📍Әділ бағаланған еңбек – әрқашан нәтижелі. Ал білікті мамандардың өсуі – мемлекеттің дамуының кепілі.

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...