Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген Дастан жас болса да, өзінің еңбекқорлығы мен талантының арқасында көпшіліктің назарын аударып үлгерді. Оның футболға деген ерекше ынтасы мен табандылығы халықаралық деңгейде бағаланып, Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарын өзіне аударды. Жас спортшының шетелдік клуб тарапынан шақырту алуы — қазақ футболы үшін тарихи әрі қуанышты жаңалық.

Қазақ спорт және туризм академиясы Президенті Қайрат Закирьянов Дастанға грант табыстай отырып, білім мен спортты қатар алып жүрудің маңызын ерекше атап өтті. Академия тарапынан көрсетілген бұл қолдау — жас спортшының болашағына жасалған инвестиция ғана емес, дарынды жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Дастан Сатпаев бүгінде көптеген жасөспірімдерге үлгі. Оның жетістігі — арманға адалдықтың, тынымсыз еңбектің және ел сенімін ақтаудың айқын көрінісі. Қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас талантқа алдағы уақытта үлкен жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...

Гигантская псевдокиста после тяжелого панкреатита: алматинские хирурги провели сложную двухэтапную операцию

Ранее женщина перенесла тяжелую форму воспаления поджелудочной железы, которое...