Аумақтан тыс соттылық – сот жүйесіндегі ашықтықтың жаңа тетігі

Қазақстанда сот жүйесін жаңғырту бағытындағы реформалар аясында аумақтан тыс соттылық тетігі кеңінен қолданылып келеді. Бұл жүйе сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған.

Аумақтан тыс соттылық дегеніміз – іс белгілі бір өңірдегі сотқа ғана емес, республика аумағындағы басқа соттарға да автоматты түрде бөлінуі. Яғни талап арызды қарастыратын судья немесе сот географиялық орналасуға байланысты емес, арнайы ақпараттық жүйе арқылы кездейсоқ анықталады.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл сот процесіне сыртқы ықпал ету мүмкіндігін төмендетеді. Сонымен қатар тараптар арасындағы теңдікті қамтамасыз етіп, судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға ықпал жасайды.

Бүгінде бұл тәжірибе әкімшілік және азаматтық істер бойынша кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Әсіресе мемлекеттік органдарға қатысты дауларда аумақтан тыс соттылық азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралы ретінде қарастырылуда.

Сарапшылар сот саласындағы цифрландыру процестері болашақта мұндай жүйенің аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді. Электронды сот кабинеттері мен автоматтандырылған бөлу жүйелері сот өндірісінің ашықтығын арттыруға негіз болмақ.

Жалпы алғанда, аумақтан тыс соттылық – құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды реформалардың бірі. Бұл бастама азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін күшейтіп, әділ сот қағидаттарын дамытуға өз үлесін қосады.

Қызылорда облысының

мамандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының бас маманы

Қ.Амангелді

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...