Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті

              Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым- қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет.

             Қызметкердің сөйлеу мәдениеті, жүріс-тұрысы, адамдармен қарым-қатынасы – оның жеке мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Әдептілік – бұл тек мінез-құлық емес, бұл – адам бойындағы парасаттылық пен адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Мұндай қасиеттер адамның отбасында алған тәрбиесі мен қоғамдық ортада қалыптасады

            Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

             Біздің ұжымда  мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдебінің стандарттары) ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және т. б. бағытталған жұмыстар жасалады.Мемлекеттік қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, семинарлар, дөнгелек үстел өткізіледі.

          Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға тиісті. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады

Мемлекеттік қызметші өзінің жауапкершілігін, мәртебесін сезіне отырып,барлық іс-әрекеттерін әдеп нормаларының шеңберінде жүзеге асыруға тиіс.

      Орал қаласының №2 cоты әкімшісінің бас маманы

      Г.Ж.Беккалиева

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...