Меритократия – мемлекеттік қызметтегі әділ өсу жолы

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қызметкерлердің жаңа бастамалар ұсынуы және жұмыс нәтижесін көрсетуі олардың мансаптық өсуіне ықпал етеді.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы маңызды қағидаттардың бірі – меритократия.
Бұл қағидат бойынша адам қызметте жеке байланысы немесе таныстығы арқылы емес, өзінің білімі, тәжірибесі, қабілеті мен еңбегінің нәтижесіне қарай өседі.

Меритократия қағидаты мемлекеттік қызмет жүйесінде әділдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Егер қызметкер өз жұмысын сапалы атқарып, жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізсе, оның мансаптық өсуіне жол ашылады.

Мәселен, 2026 жылы Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында бірінші тоқсан көрсеткіші бойынша 11 басшылық лауазымына 6 (54,5%) мемлекеттік қызметші меритократия қағидаты негізінде ішкі конкурс арқылы тағайындалды.

Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінде
19 басшылық лауазымның 10-ы (53%)  осындай тәртіппен тағайындау жүзеге асырылды.

Бұл өз кезегінде жастарға да үлкен мотивация береді. Өйткені
әр адам өзінің білімі мен еңбегі арқылы жоғары лауазымға жете алатынын түсінеді.

Бүгінде мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар да өзгерді. Қазіргі мемлекеттік қызметші тек заңды білетін маман ғана емес, халықпен ашық жұмыс істей алатын, заманауи технологияларды меңгерген тұлға болуы қажет.

Сондықтан кәсіби әрі белсенді мамандарды қолдау – мемлекеттік басқару сапасын арттырудың маңызды тетігі.

Меритократия қағидаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да әсер етеді. Себебі кадрларды іріктеу мен қызметте өсіру кезінде ашықтық пен әділдік сақталса, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі артады.

Қорытындылай келе, меритократия – тиімді мемлекеттік қызметтің негізі. Әділ бағаланған еңбек қашан да нәтижесін береді,
ал білімді әрі білікті мамандардың өсуі – мемлекеттің дамуына
оң әсер етеді.

Б.Макеев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп кеңесінің хатшылығының  меңгерушісі

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...