Апостиль — құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Аталған мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы 0,5 айлық есептік көрсеткіш (4325 теңге) мөлшерінде әр құжат үшін – 2162,5 теңге алынады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі үшін мемлекеттік бажды төлеуге 108126 «Жергілікті бюджетке аударылған мемлекеттік баж» бюджеттік сыныптама коды пайдаланылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);
5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі);
6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).
Апостиль қою қызметінің қолжетімді әрі ашық түрде көрсетілуі – мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Бүгінде бұл қызметті ХҚКО арқылы да, электрондық үкімет порталы арқылы да алуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп құжаттарды рәсімдеу үдірісін жеңілдетеді.
А.К.Ахметова, Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша
департаментінің бас маманы


