GPA КӨРСЕТКІШІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ БАСТАР ЖОЛ

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар өзгеріп келеді. Бүгінде бұл салаға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар заманауи ойлау, цифрлық сауаттылық, жауапкершілік, қоғаммен тиімді байланыс орната білу қабілеті де қажет. Осындай талаптарға сай келетін жастарды мемлекеттік қызметке тарту – уақыт сұранысы.

Осы тұрғыдан алғанда, жоғары оқу орнын үздік үлгеріммен аяқтаған түлектерді GPA көрсеткіші негізінде конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындау тетігі ерекше маңызға ие. Бұл – академиялық дайындығы жоғары, белсенді әрі әлеуеті бар жастарға қолдау көрсетудің нақты жолы.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындала алады. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, дарынды жастарды қолдауға, мемлекеттік аппаратқа жаңа буын кадрларын тартуға және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.

Бұл тетік жастар үшін мемлекеттік қызметке келу жолын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өз мамандығы бойынша еңбек жолын ерте бастауына мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – жаңа көзқарасы бар, білімді, ізденімпаз мамандарды тартудың тиімді құралы.

Қарағанды облысында бұл бағытта нақты нәтижелер бар. 2023–2025 жылдар аралығында облыс бойынша 46 жас маман конкурс өткізілместен мемлекеттік қызметке қабылданды. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдар да, аумақтық бөлімшелер де бар. Атап айтқанда, Бұқар Жырау ауданында – 6, Шет ауданында – 4, Теміртау қаласында – 3, Қарқаралы ауданында – 3 жас маман осындай тәртіппен жұмысқа қабылданған. Сондай-ақ Саран қаласы мен Ақтоғай ауданында – 2-ден, Шахтинск және Балқаш қалаларында, Осакаров ауданында – 1-ден маман мемлекеттік қызметке келген. Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринариялық бақылау және қадағалау, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық бөлімшелерде де осы тетік қолданылды.

Бұл – аталған мүмкіндіктің қағаз жүзіндегі норма ғана емес, нақты іске асып жатқан құрал екенін көрсетеді.

Оның тиімділігін нақты мысалдан да көруге болады. А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Искаков Абылай Жұмабайұлы жоғары оқу орнын GPA 3.65 көрсеткішпен аяқтап, 2024 жылдың сәуір айында Қарқаралы ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурс өткізілместен бас маман болып тағайындалды. Қызмет барысында ол өзін жауапты, білікті маман ретінде көрсете білді. Нәтижесінде меритократия қағидаттарына сәйкес бір жыл ішінде сектор меңгерушісі лауазымына дейін көтерілді.

Мұндай мысалдар жастарға беріліп отырған мүмкіндіктің нәтижелі екенін аңғартады. Ең бастысы – бұл тетік мемлекеттік қызметке шын мәнінде қабілетті, білімді, еңбексүйгіш жастардың келуіне жол ашады.

Әсіресе өңірлерде білікті кадр тапшылығы сезілетінін ескерсек, GPA негізінде конкурссыз тағайындау тетігінің маңызы арта түседі. Бұл – бір жағынан жастарды қолдау болса, екінші жағынан мемлекеттік аппараттың сапалық құрамын жаңартуға бағытталған тиімді қадам.

Қорыта айтқанда, GPA көрсеткіші бойынша конкурссыз тағайындау – білімді, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары жастарды мемлекеттік қызметке тартудың нақты мүмкіндігі. Мұндай бастама мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға, жастардың әлеуетін ел игілігіне жұмылдыруға және өңірлердегі кадрлық тұрақтылықты күшейтуге ықпал етеді.

Ж. Сәрсен, МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Сот құжаттарына апостиль қою — мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі

Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның...

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

Коррупция является одной из наиболее серьезных проблем современного общества....

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. Бұл мемлекетке...

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...