Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына енді. Еуразиялық экономикалық комиссиясы жариялаған көрсеткіштерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артқан.

ЕЭК дерегінше, 2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,6%-ды құраған. Бұл ретте Қазақстан одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары өсім көрсеткен елдердің бірі болды. Көш басында өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға өскен Қырғызстан тұр.

Жыл қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 4,7%-ға, Ресейде 1,3%-ға өскен. Ал ЕАЭО елдері ішінде өндіріс көлемі төмендеген жалғыз мемлекет – Беларусь. Онда көрсеткіш 1,8%-ға азайған.

Сондай-ақ комиссия 2025 жылдың желтоқсан айындағы мәліметтерді де жариялады. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға өскен. Ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда өсім 10,4%-ды құраған.

Жалпы ЕАЭО бойынша желтоқсанда өнеркәсіп өндірісі бір жыл ішінде 3,9%-ға артқан. Ең жоғары өсім Арменияда тіркеліп, көрсеткіш бірден 38,6%-ға жеткен. Қырғызстанда өсім 10,4%, Қазақстанда 8,1%, Ресейде 3,7% болған. Ал Беларусьта, керісінше, өндіріс көлемі 2,9%-ға төмендеген.

Есепте 2024 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда жалпы 5%-ға өскені де айтылған. Сол жылы Қазақстанда да оң динамика байқалып, өсім 2,8%-ды құраған.

ЕЭК жариялаған статистикалық мәліметтердің алдын ала екені және кейін нақтылануы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ комиссия Ресейдің 2024-2025 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісі статистикасын нақтылауына байланысты ЕАЭО бойынша деректердің қайта есептелгенін хабарлады.

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...