Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Агенттік және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмысының маңызды бағыттарының бірі — мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтардың алдын-алу, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарыжағдайда оны қалпына келтіру бойынша заңнамамен көзделген барлық тетіктерді қолдана отырып, шараларды қабылдау.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында 100 азаматтың құқықтары қалына келтірілді.

Бұл қашықтықтан бақылау және жоспарлы тексерістердің нәтижесі. Атап айтқанда азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі (1), өтініш бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижелері (31) , сұрау салу арқылы және бақылау нәтижелері(60), Telegram-бот арқылы (8) қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді. Заң бұзушылықтар негізінен жер мәселелері, сәулет, білім беру және көлік салаларында орын алған.

Айта кету қажет, мұндай шаралар тек арыздар бойынша ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер сапасына қашықтықтан жүргізілетін бақылау аясында да жүзеге асырылады.
Егер қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету және т.б.) кездескен жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...