Достық үйінің жанындағы Аналар кеңесінің өкілімен сотталған әйелдердің кездесуі өтті

Абай облысы бойынша минималды қауіпсіздік мекемесінде Аналар күніне орай облыстық Достық үйінің жанындағы Аналар кеңесінің өкілімен сотталған әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, рухани-адамгершілік тәрбие беруге және бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдерді қолдауға бағытталған тәрбиелік әрі әлеуметтік-психологиялық жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Аналар кеңесінің өкілі ана болудың маңызы, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы айтып, балалармен және жақындарымен жылы қарым-қатынасты сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар отбасылық тәрбие, ата-ананы құрметтеу және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сотталған әйелдер әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген қатысушылар үшін бұл кездесу маңызды моральдық қолдау болып, үмітті жоғалтпай, түзелуге және қоғамға қайта бейімделуге ұмтылудың маңызын еске салды.

Осындай іс-шаралар рухани құндылықтарды нығайтуға, отбасы мен балалар алдындағы жауапкершілік сезімін дамытуға, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үдерісіне оң әсерін тигізеді. Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға көрсеткен ықыласы, жылы лебіздері мен шынайы әңгімелері үшін алғыстарын білдірді.

ТУРКЕСТАНСКИЙ ПОЛИЦЕЙСКИЙ — СНОВА В ЧИСЛЕ ЛУЧШИХ: АЗИЗ АБЗАЛ ЗАВОЕВАЛ БРОНЗУ ЧЕМПИОНАТА КАЗАХСТАНА

В Актау состоялся чемпионат Республики Казахстан по универсальному бою...

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ТӘРТІП САҚШЫСЫ: ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ

Ақтау қаласында әмбебап жекпе-жектен (UNIFIGHT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының...

ОДИН ДЕНЬ ИЗ ЖИЗНИ ПОЛИЦИИ: КАПИТАН НА СТРАЖЕ ОБЩЕСТВЕННОГО ПОРЯДКА

Обеспечение общественного порядка и безопасности граждан - одна из...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН КАПИТАН

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицейлердің...

Полицияның бір күні: әр айғаққа жауапкершілік

Түркістан облысының полицейлері қылмыстық істер бойынша айғақ заттарды қабылдау,...