Мас күйінде көлік жүргізу қатер


       Мас күйінде көлік жүргізу қоғамға қатер. Заң қатал, жаза ауыр. Бірақ, соған қарамастан, көлікке мас күйінде отыратындар тыйылмай отыр. Шындығында, жауаптылықты білетін, заңды сыйлайтын жандар көлікке мас күйінде отырмаса керек. Яғни, мас күйінде көлік жүргізу – жай заң бұзушылық емес. Бұл – адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Ендеше, мас жүргізушіге жаза тағайындағанда, ең алдымен, оның қоғамға, айналасына қаупін назарға алынады. 

Көлікті алкогольді ішімдік ішіп, есірткі немесе басқа да уытқұмарлық заттарды пайдаланып тізгіндегендер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сай 15 күнге қамаққа алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылады. Ал, осы әрекетті бір жыл ішінде қайталап жасап, ұсталған жүргізушілердің әрекеті әкімшілік заңнама бойынша емес, Қылмыстық кодекс бойынша сараланып, қамаққа алынып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан ажырайтыны нақтыланған.

       Мас жүргізушінің көлік басқаруда реакциясының төмен болатыны, көліктің жүруін, оның қозғалысын бақылау алмайтыны,  жол жағдайын, орын алған күрделі сәтте шешім қабылдай алмайтыны белгілі. Мұның соңы қателіктерге алып келіп, салдарынан жол-көлік оқиғасының орын алып,  жолдың басқа қатысушыларының денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратыны ықтимал. Ендеше, жолдағы жауаптылыққа мән бергендері жөн.

Көлік жүргізу  үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жүргізуші жол қозғалысында өзінің ғана емес, басқа адамдардың да қауіпсіздігіне жауапты. Мас жүргізуші тек өзіне ғана емес, басқа жол пайдаланушыларға да қауіп төндіреді. Жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілер үшін бұл үлкен қауіп. Апаттың нәтижесі ауыр жарақаттар немесе өліммен аяқталуы мүмкін.

Мас күйінде көлік жүргізу өз өміріңіздің ғана емес, басқа адамдардың өмірін де қауіпке тігу екенін ұғыну қажет. Жол-көлік оқиғаларының салдары ауыр апаттар мен қайғылы жағдайларға ұласуы мүмкін. Осыған байланысты, әр жүргізуші өзінің жауапкершілігін сезініп, мас күйінде көлік жүргізуден бас тартуы қажет. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғаларының көбеюі қоғам үшін алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Бұл тек статистика ғана емес, күн сайын адам тағдырын өзгертіп, тұтас отбасылардың өміріне әсер ететін оқиғалар. Сондықтан, адамдар өз өмірін сақтап қалу үшін ғана емес, қоғамның қауіпсіздігі үшін де жауапкершілік сезінуі керек.

Әр күн сайын жолда кездесетін мас күйдегі жүргізушілердің әрекеттері, көп жағдайда, тек олардың өзіне ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да зиян келтіреді.  Жолда жүрген әрбір адам өз өмірі мен денсаулығын қорғаумен қатар, басқа адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін де ескеруі тиіс. Бұл тек қоғамдағы моральдық құндылықтарға ғана емес, жалпы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы мәдениетіне де байланысты. 

Салтанат Рамазанова,

Алматы облысы

Кеген аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...